Білім және ғылым

Алматыда І Халықаралық жас ғалымдар форумы басталды

Алматыда 8-10 қыркүйек аралығында «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» атты І Халықаралық жас ғалымдар форумы өтеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ғылыми шараны Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылыми кеңес ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Форумды өткізуге қолдау көрсетеді. «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» I Халықаралық жас ғалымдар форумына 14 елден 200-ге жуық спикер мен баяндама жасаушылар қатысады. Олар: Қазақстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Канада, Қытай, Латвия, Португалия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Украина, Франция елдерінен келеді.