Weekend

800 миллион теңге Алматыны қорғап қала ала ма?

2019 жылы 6 балдық жер сілкінуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халықаралық биофизика академиясының президенті, қазақстандық Виктор Инюшин 2019 жылы Алматы қаласында 6 балдық жер сілкінуі мүмкін,-дейді.

Бұл туралы Astana TV хабарлайды, деп Bugin.kz cілтеме жасайды.

 

Осы жылдың соңына дейін қала тұрғындарына алаңдаудың қажеті жоқ. Алайда 2019 жылы қала тұрғындарына ғана емес, қала сәулет өнеріне де (көпқабатты ғимараттар) үлкен қауіп төніп тұрғанын ескертті.

Жасалған болжам негізінде қалада тексеру жұмыстары, қауіпсіздік шаралары секілді арнайы жұмыстар басталып кетті.

Алматы қаласының қала құрлысы және сәулет басқармасының басшы орынбасары, осы бағытта жұмыс жасалып жатқанын, өткен жылы мемлекет қазынасынан 500 млн теңге, биыл қосымша тағы 300 млн теңге бөлінгенін тілге тиек етті.

Forbes басылымы жасаған зерттеуге сүйенсек 2018 жылы жалпы жер бетінде жер сілкінісі жиілейді деген болатын. Алматы қаласы үлкен қауіпті бастан кешпесе де, балдық деңгейі төмен бірнеше сілкіністі бастан кешті. Ал биофизик Виктор Инюшин айтып отырған болжам шындыққа жанасатын болса, 800 миллион теңге оңтүстік астананы қорғап қала ала ма?