Hi-Tech

12 камералы дронды білесіз бе?

Түсірілім алаңын өзі анықтайтын құрылғы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Skydio R1 – әуеде түсірілім жүргізетін ерекше камера. 256 ядорлы графика мен нейрожелісі бар. Skydio R1 қалың ормандарда да жоғарғы жылдамдықта ұшып, сапалы түсірілім жасайды. Ол 12 камерадан келетін ақпаратты өңдеп, аймаққа бағдарлау жүргізу үшін үш өлшемді карта дайындайды. Дронның бас камерасының 150 градусты қамтитын 4К-рұқсатнамасы бар. Жадысы – 64ГБ. Арнайы алгоритімімен нейрожелісі Skydio R1 нысанды анықтап, әртүрлі режимде қызмет атқарады. Оған қоса алғашқы 4 секундта жасалатын қозғалыс траекториясын анықтайды.

Жылдамдығы – 40км/сағат. 16 минут түсірілім жасауға жететін екі батарейкасы бар. Skydio R1 смартфон арқылы басқарылып, төрт бағытта түсірілім жұмыстарын жүргізеді.

Skydio R1  Apple Watch қолдауымен нысана қозғалысқа түскенде бірқалыпта видео түсіріп, өз жұмысын жалғастырады.

Қуатты компьютерлерAI, R1 арқылы да құрылғыны басқарып, нақыт уақыт аралығында қозғалыс жасауға, ителлектуалды шешім қабылдауға мүмкіндіктер бар. Бұл  NVIDIA Jetson қолдауымен жүзеге асады. Түсірілім аумағын анықтау үшін GPS-ті емес, өз камераларын қолданатын ерекше дрон өлшеміні кішкентай болғанына қарамастан бірнеше қызметтерді қатар атқара алады.

Бүгінде ресми сайттарда Skydio R1-дің бағасы 2500 АҚШ долларын құрайды.