Bugin

Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Олайн-дауыс беру қорытындысы бойынша "Азияның ең тартымды 100 адамы" рейтінгінде (The 100 most attractive Asian celebs 2021) қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бірінші орынға ие болды. Димашқа 9,3 миллионнан астам дауыс берген.
Біздің отандасымыз Ким Сокджин (BTS тобының солисі, екінші орын - 8,1 млн астам дауыс) және Чха Юн У (Astro тобының мүшесі, үшінші орын - 1,9 млн астам дауыс) сияқты Оңтүстік Кореядан танымал әншілерді басып озды.