Bugin

АҚШ-та тұратын қазақстандық көшпенділердің өмірін суреттеді (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күллі әлемдегі отандастарымыз өз жетістіктерімен қуантуды жалғастыруда! @ergoink - Американың Майами қаласындағы қазақстандық суретші. Ол жігіт көшпенділер өмірінен хабар беретін көріністер мен сюжеттер салды. Көп ұзамай оның кейбір картиналары бүкіл әлемге әйгілі жергілікті галереядан табылатын болады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

- Көшпенділер әлемі туралы мәліметтер өте көп. Бірақ, көшпенділер мәдениеті туралы ақпараттар жоқтың қасы. Бұған, әрине, әртүрлі себептер бар. Оның біріншісі ерте ғасырларда жазудың болмауы. АҚШ - та және бүкіл әлемде ұлттық сәйкестіліктің белгілі бір тенденциясы байқалады. Олар қызықты заманауи форматта, яғни медиа ойындар мен комикстер арқылы көрсетілуде. Мен вебкомикс контентінің белсенді тұтынушысы болып табыламын. АҚШ аудиториясына көшпенділер әлемімен таныстыру үшін фэнтези жанрындағы кітап және комикс жасаймын деп шештім, - дейді қазақстандық.