Bugin

Тәжікстан президенті 27 жыл бұрын қаза болған қазақстандықты марапаттады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 27 жыл бұрын Ауғанстанмен шекарада ерлікпен қаза тапқан қазақстандық әскери қызметкерді марапаттады. Раджан Батырханов (Батрканов) бірінші дәрежелі Спитамен орденімен марапатталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Эмомали Рахмонның жарлығында республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығының құрметіне және қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін кіші сержант Батырханов Раджан Армиевичті орденмен марапатталды.

- Бауырлас Тәжікстан халқы 1993-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеген жеке біріккен атқыштар батальонының әскери қызметшілерінің батылдығы мен ерлігін еске алады және құрметтейді - делінген ҰҚК хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ҰҚК Шекара әскерлерінің ардагері Алексей Володин Раджан Батырхановқа «Халық қаһарманы» атағын беруге шақырған болатын. Оның айтуынша, 27 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасында қазақстандық Раджан Батырханов ерлікпен қаза тапқан. Бұл қазіргі Қазақстан тарихындағы ұрыс даласындағы бірінші жеңіліс. Жігіт небәрі 19 жаста еді, ондаған отандастарымызды құтқарды, бірақ өзі аман қалмады.