Спорт

Каскадер – хобби, әлде қатерлі мамандық?

Кино дегенде ойға бірінші келетін картинаңыз қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кино дегенде ойға бірінші келетін картинаңыз қандай? Джеки Чан немесе Брюс Лидің тікұшақтан секіріп, сальто жасап, 21-ші қабаттың терезесіне қонғаны еске түседі, солай емес пе? Ал, сол жасыл фонда секіріп, нешетүрлі трюк жасап, фильмнен алатын әсерді одан сайын көркейтетін – каскадер.Жалпы, кинода каскадерлердің алатын орны бөлек, бұл ма­мандыққа лай­­ықты адам өте сирек кездеседі. Алайда, олар­дың еңбегі елене бермейді, кө­рер­меннің көзіне ша­лынбайды, көбінесе аты-жөні де белгісіз болып қала береді. Жасайтын трюктерінің қауіпті екенін айтпасақ та, бәрімізге мәлім. Бірақ, бұның бәріне қарамастан, жаның салып, киноға әдемі бояу беретін – дәл осы «маман» иелері.

«Три метра над уровнем неба» фильміндегі Аченың бейнесіне өлердей ғашық болып ем. Сөйтсем, ол мен ойлағандай идеал жігіт емес екен. Белтемірге тартылғанда, аяғының астына орындық қойып алыпты. Суретінен көрдім», – деп бір оқушы қыз айтқандай, қайтпас қайсар көрінген, жаңбырдың астында мотоциклмен скрейп жасап, 20 адамнан тұратын қарсыластарын флипс фронт арқылы әдемілеп жан-жаққа лақтыратын айла-тайла тәсілдердің барлығын басты кейіпкердің өзі жасамайды. Осындай сәтте каскадердің атқаратын жұмысы үлкен, әрі қауіпті...

Бала кезінен каскадер болуды арман көріп, мақсат қылып, маған толыққанды рөл бер деп емес, кино өнерінің кәдесіне жарасам болды деп қанағат ететін жанкешпе мамандары үшін«Kazakh union»каскадерлық тобының жетекшісі Бауыржан Əбішовтен ескерілетін бірнеше шарт:

-        Бұл мамандыққа, біріншіден, қайсарлық қажет

-        Каскадерлық - көзсіз батырлық емес, мұнда да ақылмен ойланып жұмыс істеген жөн

-        Атақ үшін каскадер боламын дейтіндер алысқа бармайды. Бұл мамандықты жан-тəніңмен жақсы көру керек

Қыр-сыры көп мамандықтар жетерлік. Каскадерлік өнер де бұлардың қатарында. Қиындығы көп және олар ең қиын, ең ауыр, өміріне қауіпті трюктерді жасағанымен, үнемі кадр сыртында қалады. Яғни, екінші пландағы актер. Ат үстінде шайқасу, аттан құлау, қылыштасу, жауынгерлік өнердің базасын үйрену, биіктен құлау, акробатикалық қимылдарды меңгеру секілді іс-әрекеттерді, небір қиын әдістерді толық істей алуың үшін жүректілік, ептілік керек. Сонын барлығын жасайтын – каскадер!

Жалпы, кинодағы каскадерлердің орны бөлек, бұл ма­мандыққа лай­­ықты адам өте сирек кездеседі. Алайда, олар­дың еңбегі елене бермейді, кө­рер­меннің көзіне ша­лынбайды, көбінесе аты-жөні белгісіз болып қала береді. Мәселен, айтулы туынды ардагер ағамыз Шәкен Айманов түсі­р­г­ен «Атаманның ақыры» фильмінің жалғасы «Транссібір экспре­сіндегі» Наталья Орынбаса­рованың ойнаған кейіпкері аттан жығы­ла­тын көрініске Байкенже Белбаев түсті деп кім ой­лайды?

Каскадердің жұмысы кино түсіру барысында қиын, әрі қауыпты трюктерді орындаудан тұрады. Іс жүзінде бұл спорт пен актерлік шеберлік, яғни өнердің тоғысқан жері. Әдетте каскадер кадрда күрделі көріністі орындау үшін актер орнына шығады. Көрерменге актердің ауысқаны білінбес үшін, кейіпкерге ұқсас дене пішіні, бойы, шаш үлгісі келетін каскадер таңдалады. Оған гримм жасалып, сәйкесінше киіндіреді. Эпизодты түсіру барысында жалпы план қолданылады. Сахнаны неғұрлым әсерлі етуге тырысып, қауіпты трюкті орындайтын актердің бет-жүзін көрсетпейді.

Бүгінгі сұхбатымыздың қонағы «KAZAKH UNION ACTION TEAM» каскадерлық командасының батыры Жансейіт Еркебұлан.

-Қайырлы күн, Еркебұлан. Көңіл күйіңіз қалай?

- Ассаламу алейкум, көңіл күйім жақсы.

- Әңгімені туған жеріңізден бастасақ?

- Туған жерім Алматы облысы Талдықорған қаласынан 154 шақырым жерде орналасқан Сарқан ауданы Көкөзек ауылының тумасымын.

- Каскадер мамандығына қалай келдіңіз?

- Каскадер болу ойыма да кіріп-шықпаған еді. Каскадер болып жүрген Аділет Абай, Ерік Хамидуллаев өзімнің бауырларым, бұрыннан танитын достарым.                                                               Аділет Абай есімді бауырым бұрыңғы жұмыс істеп жүрген жеріме келіп, екеуіміз кездесіп, сөйлескенімізде «KAZAKH UNION ACTION TEAM» каскадерлық командасының дайындығына шақырған болатын. Дайындыққа қатысып каскадер атанып кеттім.      Негізінде Аділет бауырымның арқасы деп ойлаймын.

- Каскадер болу үшін қандай касиеттерге ие болуы керек?

- Орысша сөз бар: «Девяносто девять процентов труда, один процент таланта». Еңбектің арқасында адам баласы барлығына үйренеді.«Үш күнде көрге де үйренесің» деген қазақтадамақал бар. Әр нәрсені жаттығу, шынығу арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады.

- Трюктарды жасау кезінде өміріңізге қауіп төнген немесе жарақат алған кездер болды ма?

- Өміріме қауіп төнген кездер болмады. Алайда, ат таптап кеткенде, қылыштасу кезінде немесе белгілі бір биіктіктен дұрыс құламаған сәттерде жарақан алып қалуын мүмкін. Түсірілім алаңында әртүрлі жағдайлар болады. Сондықтан, бірінші кезекте – дайындық керек.

-Бұл салада еліктейтін немесепір тұтатын адамыңыз бар ма?

-Иа әрине. Ол Бауыржан Абишев. Біздің жетекшіміз, бізге бағыт-бардар сілтеп алдымызда жүрген адам. Бауыржан Абишевке еліктеймін. Сол кісі жеткен жетістіктерге жеткімкеледі. Және де айтарым,Бауыржан ағамыз өте мықты, өте ақкөңіл, жайдарлы кісі. Осындай нәтижелерге, дәрежелерге жетіп жатқанымыз сол кісінің арқасы деп ойлаймын. Ол кісіге көп-көп рахмет, алғысымды білдіремін.

- Барлық каскадер болғысы келетін жандарғаізгі тілегіңіз?

- Көп нәрсеге шынығу, шынығу және де шынығу арқылы жетуге болады. Каскадер болуға ниеті бар жандарға алдағы уақытта сәттілік тілеймін. Үлкен жетістіктерге, аңсаған армандарына, қойған мақсаттарынан таймай, сүрінбей жетулеріне тілектеспін.

- Шынайыәрі жеңілсұхбатыңыз үшін рахмет, бағындырар белесіңіз көп болсын. Көріскенше сау болыңыз!

Қорыта келе, «Ең жақсы жұмыс – табысы мол хобби» демекші, өз ісін жақсы көретін адам баласы үшін, тікұшақтан секіріп, 21-ші қабаттың терезесіне сальто жасау арқылы қону, қиынға соқпайды.

Сұхбаттасқан:Амина ДОСЫМБЕК