Weekend

Атақты украин режиссёры қазақ баласына клип түсіруде

Бүгін ғана Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов өзінің инстаграм желісінде түсірілім алаңындағы суреттерімен бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзіміз білетіндей жас жұлдыз 2017 жылы Қытай елінде өткен "I’m a singer" жобасына қатысып жүлделі орынға ие болған болатын. Бұл жоба әншінің өмірін түбегейлі өзгертті десек қателеспейміз. 1 күнде бар әлемнің жанарын жаулаған, бүгінгі күндегі атақты әншілердің бірі Димаш Құдайбергенов қазір Испания елінде. 

Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әніне түсіріліп жатқан клиптің алғашқы суреттері әлеуметтік желілерде шығып та үлгерді. Клип ғашықтар күніне орай фантазиялық жанрда түсірілуде. Қазақ баласына бұл жолы украин режиссёры Алан Бодаевтің өзі көмек көрсетіп жатыр.