Bugin

Зарина Дияс Халықаралық теннис турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зарина Дияс АҚШ-тың Мейкон қаласында ITF 8 сериясындағы халықаралық теннис турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалдағы тартыста Қазақстандық спортшы Зарина Дияс АҚШ спортшысы Виктория Дювальді ойсырата жеңіп шықты. Сет 1 сағат 16 минутқа жалғасып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Ал сенбі күні финалдық бәсекеде қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Мариямен беттеседі.

Мария Беатрис Хаддад теннистен әлемдік рейтинг бойынша 94-орында, ал Зарина Дияс 104-орында тұр.

Зарина Дияс – 1993 жылы 18 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Кәсіпқой қазақстандық теннисші. ITF турнирлерінен бесеуінің дара санатының жеңізпазы.

Отандасымызға сәттілік тілейміз!