Bugin

Әлем біріншілігі: Бүгін кімдер шаршы алаңға шығады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінде екі қазақстандық шаршы алаңға шығады, -  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан құрамасынан 51 келіде 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 1/16 финалда 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтыннан алқа таққан өзбек спортшысы Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіреді.

Тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Нұрқанат Райыс 75 келіде 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен шеберлік байқасады.

Жекпе-жек елорда уақытымен 22.00-де «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, дүниежүзілік дода 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы бүгінге дейін 12 алтын, 13 күміс, 21 қола жүлде алды