Bugin

Әлем біріншілігі: Боксшы Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионын жеңді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сербия астанасы Белград қаласындағы бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшы, Олипиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов керемет өнер көрсетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов 1/16 кезеңде өзбекстандық Хасанбой Дусматовты жеңді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан жеңісті 24 жастағы қазақ былғары қолғап шеберіне берді.

Сәкен Бибосынов биыл Токиода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері. Ал 28 жастағы Хасанбой Дусматов - 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы. 

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен келесі кезеңде үндістандық Дипак пен қырғыз Азат Үсеналиев арасындағы жеңімпазбен жұдырықтасады.