Bugin

XXIV қысқы Олимпиада ойындары медальдарының дизайны қандай болмақ?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Bugin.kz. XXIV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура 100 күн қалды. Бүгін жүлдегерлерге табысталатын медальдар дизайны жарияланды.

Басты бетінде олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, спорт шарасының ағылшын тіліндегі толық атауы – XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022 деп жазылған, сондай-ақ бұлт және қар ұшқындарымен өрнектелген.  Медаль бетінен аспан, жер және адам арасындағы үйлесімдікті бейнелейтін қытайлық дәстүрлі философияны білдірген бес шоғырлас сақинаны көруге болады. Реверсінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың эмблемасы мен ойындардың қытай тіліндегі атауы бар. Эмблеманың жан жағындағы сақиналарда есеп бойынша 24-ші қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 24 нүкте ойылған.

Естеріңізге сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан күндері Бейжің қаласында өтеді.