Travel

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи -мәдени қорық-музейі туралы статистикалық ақпарат

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК республикамыздағы іргелі музейлердің бірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қорық-музей ақын,ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды. 1989 жылы тамыздың 28 күні Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №256 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.07.2015 ж. «ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» №585 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК болып қайта құрылды.

Қорық-музейде Археология және ескерткіштерді қорғау, Ғылыми зерттеу, Қор сақтау, Экскурсия және насихат, Шаруашылық бөлімдері жұмыс атқарады.

Қорық-музейдің тарихи аумағының жер көлемі  88,7 га. Құрамында 99 тарихи-мәдени ескерткіш бар.

Халықаралық ескерткіш саны - 1

Республикалық ескерткіштер саны – 20

Жергілікті маңызға ие ескерткіштер саны – 7

Алдын-ала есепке алынған ескерткіштер саны –71.

Қор сақтау бөлімінде сақталған жәдігер саны - 24 421.

Негізгі қор – 13 614

Қосалқы қор – 10 807

Нумизматикалық жәдігерлер саны - 13 629

Археологиялық жәдігерлер саны – 5175

Этнографиялық жәдігерлер саны – 2698

Жазба ескерткіштер саны - 2919

Қорық-музей қорында Әмір Темір дәуірінен сақталған қасиетті тайқазан, лауһа (тудың ұшы), шырағдандар, есіктер, Қ.А.Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының қолжазбалары сақталған.

Музейлердің экспозиция алаңдарында жылына түрлі тақырыптағы 60-тан астам көрме ұйымдастырылады. Республика бойынша көшпелі көрмелер ұйымдастырылып, еліміздің барлық облыстары және оңтүстік өңірінің аудандары түгел қамтылып келеді.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде қорық-музей 2015 жылы халықаралық ICOM одағының «Жыл музейі»дипломына ие болса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық бизнес-рейтинг бағдарламасының «Өрлеу қарқыны» номинациясында Қазақстан музейлері бойынша «Сала көшбасшысы» атағына, «Алтын» рейтингісіне ие болып Халықаралық сертификатпен және арнайы «Алтын қыран» медалімен марапатталды. Қорық-музей 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Тарихи-мәдени туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясына ие болды.

МУЗЕЙГЕ КЕЛУШІЛЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

2017 жыл

Музейге келушілер саны:1 090 755

Музейге ақылы негізде келген қонақтар саны -350 721

Музейге ресми келген қонақтар саны –70 085

Шетелдіктер саны –18 345

Көрме, іс-шараларға келген адамдар саны –109 178

Үкаша ата кесенесі –221 268

Жүсіп ата кесенесі –981

Гауһар ана кесенесі –204 298

Сауран қаласы –115 879

2018 жыл

Музейге келушілер саны:1 095 533

Музейге ақылы негізде келген қонақтар саны -323 091

Музейге ресми келген қонақтар саны –112 223

Шетелдіктер саны –4384

ТМД келген қонақтар саны –14 110

Көрме, іс-шараларға келген адамдар саны –103 955

Үкаша ата кесенесі –222 849

Жүсіп ата кесенесі –5692

Гауһар ана кесенесі –222 006

Сауран қаласы –103 333

МУЗЕЙДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЭКСКУРСИЯ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

2017 жыл

Жалпы экскурсия саны:4836

Ақылы экскурсия саны: 1190

Экскурсияда қамтылған адам саны:121 323

Ақысыз экскурсия саны: 3646

Экскурсиядан түскен қаржы: 1 154 600 теңге

2018 жыл

Жалпы экскурсия саны:6902

Ақылы экскурсия саны:1320

Экскурсияда қамтылған адам саны:176 830

Ақысыз экскурсия саны:5582

Экскурсиядан түскен қаржы:1 767 600 теңге

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЛЕКЦИЯЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Лекциялар саны -2017 жылы140

Лекциялар саны - 2018 жылы145

КӨРМЕ ЖӘНЕ ЭКСПОЗИЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ

Қорық-музейде 2017 жылы67көрме өткізілді.

Оның ішінде музейде - 36

Музейден тыс – 31

Кітап көрмелері - 15

2018 жылы 60 көрме жоспарланған болатын. Қорық-музейде 68 көрме өткізілді.

Оның ішінде музейде - 30

Музейден тыс – 38

Кітап көрмелері - 14

Халықаралық көрмелер саны - 4

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша қорық-музейден тыс төмендегідей тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды. 

- Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен қорық-музейдің 40 жылдығына орай еліміздің Астана қаласында «Ұлы Дала елінің рухани жауһарлары» көрмесі;

- Тараз қаласында «Ұлы Даланың жазба жауһарлары» көрмесі;

- Петропавл қаласында «Киелі Түркістан», «Әзіреті Түркістан» көрмесі екі мәрте ұйымдастырылды;

- Астана қаласында Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі;

- Алматы қаласында «Қазақстандағы ақша айналымы: көне заманнан бүгінге дейін» көрмесі;

- Астана қаласында «Елбасы және Түркістан» көрмесі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР

Биыл қорық-музей алғаш рет Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында көрсетілген "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы аясында 2018 жылдың 5-15 мамыр аралығындаТүркия Республикасының Кастамону, Бурса, Анкара қалаларында "Қожа Ахмет Ясауи мұралары және Түркістан"атты халықаралық көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қорық-музей Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен үстіміздегі жылдың 9-11 қарашасында Грекияның Салоники қаласында"Филоксения-2018" халықаралық көрмесіне, 21-23 қараша күндері Ресейдің Сочи қаласында"Сочи - 2018" халықаралық туристік көрмесіне қатысты.

Шілде айында Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының жылы аясында Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының «Темуридтер тарихы» мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен «Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары» тақырыбындағы көрмесі өтті.

Имиждик өнімдер (Кітап, журнал, брошюралар)

- «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына арналған альбом-кітабы;

- «Түркістан жазирасының қыш ыдыстары» каталог кітабы;

- «Зергерлік бұйымдар топтамасы» каталог кітабы;

- «Жетпіс хикмет» кітабы латын қарпімен;

- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында «100 аңыз» атты кітабы;

- «Қазақ хандарының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары;

- «Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары;

- Туристерге арналған буклеттер мен күнтізбе.

- «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мерекелік төсбелгі;

- Кеңселік және сувенирлік заттары (блокнот, ручка, пакет, магнит, тарелка т.т.б.).

КОНФЕРЕНЦИЯЛАР, СЕМИНАР КЕҢЕСТЕР, БАЙҚАУЛАР

Үстіміздегі жылдың сәуір және мамыр айларында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығына орай«Жырлаймын сені, Астана» атты жыр мүшайрасы, жас суретшілердің «Астана және Түркістан» тақырыбында сурет салубайқауы өтті.

Сәуір айында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы және Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай«Қазақ хандарының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы рөлі»атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Қыркүйек айындаелордамыз Астана қаласының 20 жылдығына және «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында дәстүрлі XXII«Ясауитану-2018»халықаралық байқауы өтті.

Қазан айында «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойы тойланып,«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР»атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мерейтойға өзек болды. Конференцияға Кипр Республикасы, Түркия Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина Республикасы, Өзбекстан Республикасы және еліміздің әр өңірінен белгілі ғалымдар қатысты.

Қараша айында Астана қаласында арнайы ұйымдастырылған концертте тұңғыш ретҚожа Ахмет Ясауи хикметтері кәсіби музыка тіліменорындалды.

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістан қаласына келген ресми сапарындағы арнайы тапсырмасына сәйкес,Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі құдықіске қосылды. 

ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР

Ғылыми мақалалар саны: 2017 жылы –77

Ғылыми мақалалар саны: 2018 жылы -78

БАҚ мен әлеуметтік желіде және газеттердің электронды нұсқаларында жарияланған мақалалар саны 2017 жылы -962

БАҚ мен әлеуметтік желіде және газеттердің электронды нұсқаларында жарияланған мақалалар саны 2018 жылы -1047

ЖӘДІГЕРЛЕРДІ ҒЫЛЫМИ ҚҰЖАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ғылыми құжаттау бойынша 2017 жылы –73

Ғылыми құжаттау бойынша 2018 жылы –563

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Мергентөбе обалар қорымына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қызметкерлерінен құралған археологиялық топтың жүргізген ғылыми жұмыстарының негізгі мақсаты Түркістан өңірінің көне тарихынан кең мағлұмат беретін Мергентөбе обалар қорымындағы ескерткіштерді зерттеу, ескеркіштің орналасқан жерін анықтау, сызбаға түсіру, өмір сүрген этностардың діни нанымдары жайлы деректер жинау және өмір сүрген мерзімін анықтау болып табылады. Соынмен қатар, зерттеулерді іске асыру барысында Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі, соның ішінде Қаратау мен Сырдария өзені аралығында өмір сүрген көшпелілер мен отырықшы тұрғындар мәдениетінің даму тарихы мен кезеңдеріне қатысты тың деректер жинақтау мақсат етіп қойылды.

"ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН" ЖОБАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасы негізінде қорық-музейге қарасты Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Қылует жерасты мешіті, Шығыс моншасы, Гаухар ана, Укаша ата кесенесі мен құдығы, Сауран қалашығы сынды тарихи орындардың 3D тур нұсқасы дайындалып,  халықаралық көрмелерде алғаш рет көрсетіліп, көзілдірік арқылы таныстырылды. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген қазақтың хан-сұлтандары мен би-абыздары, батырлары мен игі жақсылары тізімі цифрлы форматта әзірленді. Тұлғалар жайында қысқаша мәлімет үш тілде (қазақша латын қаріпімен, орыс, ағылшын) жазылды.

Қ.А.Ясауи кесенесі, Есім хан кесенесі, Рабия Сұлтанбегім кесенесі, Жұма мешіті музейі, Қылует жерасты мешіті музейі, Шығыс моншасы музейлеріне цифрландыру бойынша штрих код жасалынды. 

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ САПАРЫ

Биылғы жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 2018-2022 жж. арналған даму тұжырымдамасы жасалды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Түркістанға арнайы іс-сапарында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы аталмыш жоспармен таныстырған болатын.

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

-         Қорық-музейге келуші туристерге музей аумағындағы әжетхана күрделі жөндеуден өткізілді.

-         Қорық-музейдің аумағындағы аяқ жол бойындағы баспалдақтар арнайы бояумен сырланып және пандустар салынды.

-         Зияратшы туристерге арналған автотұрақ кеңейтіліп, жөндеу жұмыстары - жүргізілді.

-         Гауһар ана кесенесінде автотұраққа асфальт төселінді және жаяу жүргіншілер жолы жасалды.

-         Укаша ата құдығына баратын жол және автотұрақ салынды.

-         Укаша ата кесенесіне жаңа әжетхана салынды.

2018 ЖЫЛҒЫ АТҚАРЫЛҒАН СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР

1.     Қорық-музейдің тарихында алғаш мәрте Түркия Республикасының Кастамону, Анкара, Бурса қалаларындахалықаралық көшпелі ұйымдастырылды.

2.     Астана қаласының 20 жылдығы мен қорық-музейдің 40 жылдығына орай халықаралық «Жырлаймын сені, Астана» жыр мүшәйрасы мен «Астана және Түркістан» суретшілер байқауы өтті.

3.     Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдығына орай «Қазақ хандарының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы рөлі»атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

4.     Мектеп оқушылары арасында дәстүрлі XXII «Яссауитану-2018» халықаралық байқауы өтті.

5.     Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасы негізінде қорық-музейге қарасты Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Қылует жерасты мешіті, Шығыс моншасы, Гаухар ана, Укаша ата кесенесі мен құдығы, Сауран қалашығы сынды тарихи орындардың 3D тур нұсқасыдайындалып, халықаралық көрмелерде алғаш рет көрсетіліп, көзілдірік арқылы таныстырылды.

6.     «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 2018-2022 жж. арналған даму тұжырымдамасы жасалып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Түркістанға арнайы іс-сапарында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлыаталмыш жоспармен таныстырды.

7.     Қорық-музей Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен үстіміздегі жылдың 9-11 қарашасында Грекияның Салоники қаласында "Филоксения-2018" халықаралық көрмесіне, 21-23 қараша күндері Ресейдің Сочи қаласында"Сочи - 2018" халықаралық туристік көрмесінеқатысты.

8.     Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының жылы аясында Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының «Темуридтер тарихы» мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен «Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары» тақырыбындағы көрмесі өтті.

9.     «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойы тойланып, «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мерейтойға өзек болды.

10. Тұңғыш Президент күніне орай Астана қаласында арнайы ұйымдастырылған концертте тұңғыш ретҚожа Ахмет Ясауи хикметтері кәсіби музыка тіліменорындалды.

11. «Түркістан жазирасының қыш ыдыстары», «Зергерлік бұйымдар топтамасы» каталог кітабы, «Жетпіс хикмет» кітабы латын қарпімен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында «100 аңыз» атты кітабы жарыққа шықты.

12. Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістан қаласына келген ресми сапарындағы арнайы тапсырмасына сәйкес,Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі құдықіске қосылды. 

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы мен қаланы түркі дүниесінің рухани астанасы ретінде таныту және тарихи орындардың төл келбетін сақтай отырып, жандандыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан қаласындағы 88,7 гектар аумақта орналасқан «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпалары толығымен қалпына келтіріліп, туристік бағытқа қосылады.

2019 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңын абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Қала қорғандарының орындарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады. Ортағасырлық магистральдық көшелерге де қазба жұмыстары жүргізіліп, сауда-саттық орындары туристерге қызмет көрсететін болады.