Спорт

«Реал» жазда шабуыл шебін Дибаламен толықтыруы мүмкін

«Ювентус» шабуылшысы Пауло Дибала жазғы трансферлер кезінде "Реалға" өтуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

AS баспасының мәліметінше, Аргентиналық футболшы Турин клубында жеткілікті ойын практикасына ие болмағанынан наразы. Күні кеше  бас бапкер Массимилиано Аллегри мен футболшы арасында түсінбеушілік туындаған болатын.

Қаңтар айында ол өзінің мансабын қайда жалғастыратынын әлі шешкен жоқ болатын.

«Болашақта не болары белгісіз. Қазіргі таңда "Ювентусте" өзімді жайлы сезініп жүрмін. Мансабымды басқа клубта жалғастыруым мүмкін бе? Барлық нәрсе болуы мүмкін», -деді ол

Дибаланың Ювентуспен арадағы келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. 20 жасар Пауло 2015 жылдан бері кәрі синьора намысын қорғап келеді. Ол клуб сапында үш мәртеден Италия чемпионаты және кубогін жеңіп, екі мәрте мемлекет суперкубогы иесіне айналған болатын. 2014 15 жылдардағы маусымда ол 12 голдық пас беріп А Серияның ең жақсы асистенті болған еді.

Ағымдағы маусымда Дибала Италия чемпионатының 19 ойынында алаңға шығып, 2 гол соғып, 4 голдық пас берген.