Білім және ғылым

Шымкентте «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі  өнер мектебінде  Тәуелсіздіктің  30 жылдығы орай ұйымдастырылған «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алды. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Байқау Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің 6-10 сынып оқушыларының арасында өткізілуде.

Байқауды жариялаудағы мақсат- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында және    Президент    Қ. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру.

Жалпы республикалық байқау балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттауға, шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға,   көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталған.

Байқаудың ережесіне сәйкес «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына  қатысушылар «Едіге батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, 6-10 сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.

Жеңімпаз атанған  оқушы  республикалық байқауға жолдама алады.