Bugin

Facebook Қазақстанға қатысты мәлімдемені жоққа шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Facebook желісіне иелік ететін Meta Platforms компаниясы Қазақстан Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің (МИОР) қазақстандық тарапқа әлеуметтік желінің мазмұны бойынша есеп беру жүйесіне эксклюзив қолжетімділік беру туралы мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Аталған мәселе бойынша Reuters агенттігіне электрон пошта арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы саяси коммуникациялар директоры Бен Макконаги жауап берді.
- Біріншіден, біз Қазақстан үкіметімен бірлескен мәлімдеме жасаған жоқпыз – оның орнына Қазақстан үкіметі жергілікті заңнаманы бұзатын контентті шектеу туралы үкіметтерден сұрау салу үшін жаһандық процесс туралы өткізген талқылаулар негізінде өз мәлімдемесін жасады - делінген хабарламада.
Макконагидің айтуынша, бұл процесс - "Қазақстан үшін эксклюзив емес және бүкіл әлемдегі үкіметтер қолданатын процесс".
Өз кезегінде Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі басшысы Аида Балаева бұған дейін жарияланған мәлімдеме мәтіні "облыстық басқарма басшылығымен толық келісілгенін" айтты.
- Facebook компаниясының біріккен мәлімдемені теріске шығаруына қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында "Meta" ("Facebook") компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Өңірлік кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонэхи мырзаның (Ben McConaghy) теріске шығарған мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша "Meta" ("Facebook") компаниясының өңірлік офисімен жүргізді. 1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеме мәтіні мен оның БАҚ-да жарниялануы аталған аймақтық кеңсе басшылығымен толықтай келісілген - деп жазды министр Facebook-парақшасында.