Bugin

Қазақстандық 8 жасар қыз «Әлемдік супермодель - 2021» атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

8 жасар қазақстандық 25 елден келген қарсыластарын жеңіп, «Әлемдік супермодель - 2021» атанды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғыны Мариям Ишанғалиева «Супермодель-2021» әлемдік жас модельдер байқауының Гран-приін жеңіп алды. Жеңімпаздың анасының айтуынша, модельдік байқауға әлемнің 25 елінен қыздар келген. Байқау Сочиде өтіп, үш турдан тұрған: визитка, сән көрсетілімі және шығармашылық.

Сән көрсету байқауында Мәриям «Адай» күйімен ұлттық киім киіп сахнаға шықты. Қазылар алқасының пікірінше, қазақстандық қыз модельдік байқаудың ең жоғары атағына лайық болып шықты.

Мариям Ишанғалиева Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылындағы С.Мұқанов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы, көптен бері арулар байқауына қатысып, ондаған атақ иегері атанған. Болашақта қыз Кореяда оқуды армандайды.