Weekend

Сансыз ойдың жетегінде

Әдемілікке асықсаң

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жастыққа басыңды қоя сала ұйықтап қаласың ба? Әлде сан мыңдаған ойдың жетегінде бірде болашаққа көз жүгіртіп, арман қуасың, әлде өткенге өкпелеп, өкініш жаныңды керней ме? 

Бүгін де күндегідей ұйықтай алмадым. Терезеге қарап, көп ойланып жаттым. Ойыма не келді десеңші. Асқар тауым мен әлемдегі аяулымның шаштарының ақ басып, беттеріне әжімнің көрініс тапқаны жүрегімді шымырлатып, денемді ыстық басқандай болды. Қашанға дейін өмір сүрерін құдіреті күшті Құдай ғана біледі. Жанашырларымның жанымда мәңгі болмайтынын ойлап көзге жас та, көңілге күз де келді. 

Терезе телмірген мен ойымды даладағы көрініске бұрдым. Жер ана, неткен сұлусың! Түндегі тыныштықпен мүлде тамсандырарлық. Әр жерден бір иттердің үрген даусы шығып қояды, бірақ ол маған қатты естілген жоқ. Толықсыған ай сәулесін шашып, жұмыр жерге жарық сыйлағандай. Әдемілікке құмар мен есік алдына шықтым. 

Дала суық, күні бойы қар жауып, қара жерді ақ жапқан. Аулаға шықсаң алғашқы минутында демің кейеді, терең тыныстайсың. Бірақ кейіннен ызғар бүкіл денеңді жаулап алғандай. Қыс та келген жоқ әлі. Күздің ызғары. Тоңдырады. Дірдектеп, қайта ішке кіруге асығасың. Жылы үйге жүгіріп кіріп, бірден пештің жанына барып жылынуға тырысасың. Сұп-суық бетің қызарып, жылуды сезіне бастайды. Терезеден қарағанда аппақ қарға оранған бұл сұлу дала тек сұлу емес. Ызғары қатты, желі суық, мінезі қатал. 

Адамдар да осындай болады емес пе деген оймен жылы төсегіме асыға жөнелдім.