Bugin

Бокстан ӘЧ: Жартылай финалға жолдама алған қазақстандық спортшылар тізімі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалға бес қазақстандық боксшы өтті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Дүбірлі додаға Қазақстаннан барлығы 13 боксшы барған. Олардың арасынан 10 былғары қолғап шебері ширек финалға дейін жетті. Бесеуі жартылай финалға жолдама алды.

Атап айтқанда, Теміртас Жүсіпов (48 келі) өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовты жеңсе, Сәкен Бибосынов (51 келі) Колумбиядан келген Юберхен Мартинестен басым түсті. Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жартылай финалға өтті.