Bugin

Қаржы министрі Ұлттық қорда қанша қаражат барын айтты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

YouTube-тағы «Желмая» жобасында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Ұлттық қорда қанша ақша бар?» деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұлттық қор экономикамызды тұрақтандыруға бағытталған қаржы көзі. Қазір онда 27 трлн-нан астам қаражат бар, валюталық жағынан 55 млрд АҚШ доллары бар деген сөз. 2020 жыл тек Қазақстан үшін емес, әлем үшін ауыр болды. Былтыр біз коронавируспен күреске бюджеттен 1 трлн теңге қаржы бөлдік. Бұл – өте қомақты қаражат. Әрине, Ұлттық қордың көмегі болмаса, экономикалық жағдай өте ауыр болар еді. Бюджетіміз де орындалмайтын еді», - деді Жамаубаев.