Bugin

Билл Гейтс: «Мұнай компанияларының құны арзандайды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық миллиардер Билл Гейтс 30 жылдан кейін кейбір мұнай компанияларының құны арзандайтындығын жеткізді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Оның ойынша, компаниялардың барлығы бірдей "таза" энергия көздеріне ауыса алмайды.

- Ия, бұл алыптардың кейбірі құлдырайды. Білесіз бе, 30 жылдан кейін мұнай компаниялары акцияларының біразы айтарлықтай арзандайды, – деді Гейтс.

Ол "көк" сутекті пайдалану саласының әлеуеті зор деген пікірде.

- АҚШ-та сутекті тасымалдау үшін модернизациялауға болатын құбыр инфрақұрылымы бар, – деді миллиардер.

Соңғы бес жыл ішінде Exxon Mobil, BP және Royal Dutch Shell сияқты компаниялары акцияларының бағасы төмендеді. Бұл тенденция әсіресе коронавирус пандемиясы басталған кезде байқалды. Бұл фактор мұнайға деген сұранысқа кері әсерін тигізіп, тіпті ең ірі мұнай және газ компаниялары үлкен шығынға ұшырады.