Білім және ғылым

Сауытбек Абдрахмановтың көшбасшылық дәрісі өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарашаның12 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінің депутаты, ф.ғ.д., профессор Сауытбек Абдрахмановтың  «Журналист жүрегі» атты көшбасшылық дәрісі өтті. 

Журналистика факультетінің деканы С.Мадиев бастаған ұстаздар мен студенттер тобы лекторды аса құрметпен қарсы алды. Дәріс барысында С.Абдрахманов журналистің қазіргі кездегі жұмысының маңыздылығы  мен үлкен жауапкершілігін айта отырып, жеке тәжірибесімен  бөлісті. Сонымен қатар, қызмет жолындағы қызықты сәттер мен қиын кезеңдерді ортаға салды. Лектордан кейін сөзді профессор Намазалы Омашевқа берілді. Профессор Н.Омашев С.Абдрахмановтың жастарға үлгі болатын қоғамдық-саяси еңбек жолына тоқталып,  мазмұнды дәрісі үшін алғысын айтты. Кездесу барысында студенттер журналист қызметіне байланысты салмақты сауалдар қойып,  ойларынан шыққан жауаптарын алып жатты. Мәдени-рухани шара кезінде ұстаздар мен студенттер қауымына Сауытбек Абдрахмановтың  өмір жолынан сыр шертетін шағын көрме ұсынылды. Онда Сауытбек ағаның  суреттері мен газет-журналдағы еңбектері, кітаптары қойылды.   

 

Иманалиев Ж.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика

және қоғамдық медиа кафедрасының аға оқытушысы