Спорт

Екі қазақстандық боксшы The Ring журналының рейтингіне енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы беделді АҚШ-тың The Ring журналының қараша айындағы рейтингіне енді, - деп жазады Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағылар арасында бірінші орында тұр. Ал Жәнібек Әлімханұлы жетінші орынға жайғасқан.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік 10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан).

2. Джермалл Чарло (АҚШ).

3. Деметриус Андраде (АҚШ).

4. Сергей Деревянченко (Украина).

5. Хайме Мунгия (Мексика).

6. Риота Мурата (Жапония).

7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан).

8. Кіші Крис Юбанк (Ұлыбритания).

9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания).

10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).