Қоғам

Қазақстан халқының кредит тарихы ЕАЭО елдеріне қолжетімді болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ЕАЭО елдері кредиттік тарих алмасу туралы келісімге 2021 жылдың соңына дейін қол қояды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Биылғы жыл соңына дейін одақ аясында кредиттік тарихтар алмасу тәртібі туралы келісім бекіту жоспарланып отыр. Осының арқасында біздің азаматтарымыз, бизнесіміз, компанияларымыз Еуразиялық одақтың барлық 5 мемлекетінде кредит рәсімдеуге мүмкіндік алады. Ал банктер өз кезегінде заемшының мәліметтерін сұрау жолдау арқылы тексере алады» – деді Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин.

Келісімнің орындалуын Ресей мен Арменияның орталық банктері, Беларусь пен Қырғызстанның ұлттық банктері, Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалайды.