Қоғам

Тазабеков: «Есік алдына он жыл байлап қойсаң да депрессия боп жатқан төбет жоқ»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше Алматы қаласында 28 жастағы әйел үш баласымен тоғызыншы қабаттан секіріп, көз жұмды. Аталмыш оқиға қазір қоғамның қызу талқысында.

Talim TV арнасының директоры, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек қайтыс болған әйелді төбетпен салыстырып, елдің сынына қалды. Ол инстаграм парақшасында:

«Құздан құлаған ана, құрбан болған үш перзент... Әр істің артында себеп бар, әр бақытсыз жанға виноват замандас бар... Қалай болғанда да, заман орынында. Күн шығыстан шығып, батыстан батып жатыр... Сапасы кеткен, санасы тұманданған, табиғаты айнып, талғамы өзгерген адамизат қана екеніне көзіміз жетуде...» деп қоғамда орын алған жайттың бәрі заманның емес адамның өзгеруінен екенін айтып өтеді.

Сондай-ақ Мұхамеджан Тазабек қайғылы оқиғаның салдарын жануарлар дүниесімен салыстыра келе:

«Адамнан басқа жаратылыс өз жолында, өз жөнінде жүр. Байталды байтал іздеп, айғырға айғыр шауып жатқан жоқ... Қауырсынын жұлып, жалаңаш жүрген құс жоқ, жынысынан жеріп, тауық болғысы кеп жүрген қораз жоқ... Жылан жер бауырлап, қыран тауды қиялап, әр жәндік Алла сызып берген өз ғұмырын сүріп жатыр. Есік алдына он жыл байлап қойсаң да депрессия боп жатқан төбет жоқ, қалдық жеп, қаруа шаруадан босамаса да құса боп өлген есек жоқ» - деп жазады.

Әлеуметтік желі қолданушылары қоғам қайраткерінің бұл сөзін орынсыз деп, мұндай салыстырудың этикаға жатпайтынын баса айтты.