Bugin

Қазақстандық каскадер Канадада беделді киножүлдеге ие болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Nomad Stunts каскадері Әлия Ысқақова Канадада беделді киножүлдеге ие болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Канадалық кино және теледидар академиясының сыйлығын ресми марапаттау - UBCP/ACTRA AWARDS 2021 рәсімінде жылдың ең үздік каскадерлік жұмысы деп Әлия Ысқақова түскен "Кунг-фу" сериалындағы жекпе-жек танылды. Картинада Әлия сериалдың басты залымы - канадалық актриса Ивон Чапманды (Yvonne Chapman) дубляждады.

- Бұл - каскадер ретінде алғашқы марапатым. Бұл - менің ғана емес, осы номинацияны алуға атсалысқан, каскадерлік сахнада жұмыс істеген бүкіл команданың жеңісі. Соның ішінде трюктерді қоюшылар, төбелесті қоюшылар және орындаушылар. Шынымды айтсам, жеңеміз деп ойлаған жоқпын. Таңғалып тұрмын, қуаныштымын, - деді ол.

Оның каскадер ретіндегі алғашқы фильмі 2011 жылы "Жаужүрек мың бала" тарихи драмасы болды, онда ол басты рөлдерді сомдаған Құралай Анарбекова мен Әлия Телебарисованы дубляждады.