Қоғам

Сапалы ауыз су берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінде ауыз су мәселесі шешімін тапты.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, аталған елдімекендегі ауыз сумен қамту нысанының құрылысы мердігер мекеме «СМКиЖ-7» тарапынан жүргізілген. 

Бүгінге дейін нысанның құрылыс жұмыстар аяқталған. Қаладан шалғайда  орналасқан елдімекенде барлығы 1700  үй бар. Қазіргі уақытта 1000 үйге су есептегіш құралдары  орнатылып, тұрғындарға су беру жұмысы жүргізілуде.  

Айта кетейік, биыл мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 14 нысанның құрылысы басталды. Жыл соңына дейін 9 елдімекендегі ауыз су мәселесі шешіліп, көрсеткіш 95,6% -дан 98 %-ға өсетін болады.