Қоғам

Ғасыр жасаған Әсия Сардарбек дүниеден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өткен жүз жылдықтың 30-жылдарында Шу ауылынан АҚШ-қа қашуға мәжбүр болған 105 жастағы Әсия Сардарбек қайтыс болды.

Бұл туралы Дархан Өмірбек фейсбуктағы парақшасында хабарлады.

«Совет одағына дейін туып, одақтың ыдырауынан кейін 30 жыл өмір сүрген Әсия апаның өмірінде қазақ халқының ғасырлық тарихы жатыр. Жаныңыз жаннаттан табылсын, Әсия апа! Сау болыңыз. Сізді көріп, қасыңызда бір сәт болғаным өмірімдегі үлкен оқиғалардың бірі болды» - деді Дархан Өмірбек.

Әжейдің келіні Фузияның айтуынша, әжей 27 қараша күні сағат 5:20-да дүниеден өтті. Балалары мен немере-шөберелерінің бәрі қасында болған.