Weekend

Қазіргі проблема «проблема ма?»

Біз жауабын таба алмай жүрген сұрақтар, шынымен дұрыс сұрақтар ма? Біз шеше алмай жүреген проблемалар, шынымен де проблема ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Қазақ халқында және жалпы елімізде көптеген проблемалар бар. Оларды шешу жолындағы ұйымдастырылатын жобаларға, талқыға салынатын ареналарға көз жүгіртіп көрейік. 

Олардың басты тақырыбы қандай? "Ер адамның өзге стильде киінуі, xайпқа жүгінетін блогерлер, басқа біреудің жеке өмірін талқылау және осындай түкке тұрғысыз тақырыптардың миллионы". Бұларды проблема деп қараса бола ма?Жоқ. Әрине, бұл болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне әсер етеуі мүмкін, бірақ ақпарат заманында осы тұрғыдағы әлеуметтік жағдайлардан құтылу мүмкін емес, тек балаңызды өмір-бойы телефоннан жырақта өсірмесеңіз енді. 

Қазір біз нағыз проблема деп глобалды (ауқымды) тақырыптарды алуымыз керек. Неліктен? 

Себебі, егер болашақта атмосфера жоқ болса, мұxиттар тартылса, мұздықтар ерісе немесе әлемде соғыс болып жатса, жоғарыдағы проблемалардың шешу тұрмақ, ешкімталқыламайды да. Адам біраз ауқымды ойлай отыра, оны локальдау керек, яғни ауқымды проблемардышешу жолында кішіден бастағаны дұрыс. «Отан отбасыдан басталады» басталады десем, «бұл тақырыпқа қатысы не?» деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ шынымен де бірлік, тұтастық, тазалық, этикет, білім тағы да басқа үздік ел қатарына кіру үшін керек қасиеттерді өз балаңызға үйрете білсеңіз, сіз өз еліңіздің дамуына үлес қосып жатырсыз. 

Глобализация (әлем ешбір мемлекетсіз біртұтас ел) тақырыбы да қазір актуалды, сондықтан ой өрісімізді дамытып, кең көлемде дамуға тырысайық.Шынымен де маңызды тақырыптарды қозғап, келелі әңгіме жүргізейік. Біреудің өміріне қол сұғу, оның жеке өмірін талқылау немесе талқыланып жатқанын көру- төмен интелекттің ісі.