Спорт

Әлем чемпионатында Қазақстанның ескі Әнұраны қосылды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойында күтпеген жағдай болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Испанияда әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионаты кезіндегі Иран құрамасымен матчты ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі Әнұранын қосқан.

Қазақстан құрамасының спортшылары Әнұранды музыкасыз ауызша шырқап шықты. Кездесу 31:25 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешіліп, команда әлем чемпионатының негізгі кезеңіне өтті.