Bugin

Министр: «Азық-түлік арзандамайды, керісінше, қымбаттауы мүмкін»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Азық-түлік бағасы арзандамайды. Керісінше, қымбаттауы әбден мүмкін». Ауыл шаруашылығы министрі осылай деп ағынан жарылды. Артынша шенеунік азық-түлік құнының өсуі «тек бізде ғана емес» деп жаттанды жауаппен ақталуға тырысты. Бұл туралы Bugin.kz порталы КТК жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

-  Биыл азық-түлік бағасы 30%-ға қымбаттады. Бірақ мұндай жағдай көрші мемлекеттерде де, тұтас әлемде болып жатыр. Сондықтан қазір бағаны бірқалыпты ұстап тұру мүмкін емес. Біздің қазіргі жалғыз мақсатымыз азық-түлік құнының күрт көтерілуіне жол бермеу. Мысалы ет бағасы неліктен еселеп өсуі мүмкін. Біріншіден барлығын шетел сатып алса, екіншіден оған деген сұраныс азайса - деді Сапархан Омаров.