Білім және ғылым

«Жас толқынның қайсар рухы» атты кеш өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жұлдызды 30 күн" мерекелік іс-шара жоспары бойынша «Жас толқынның қайсар рухы» атты кеш өтті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Аталмыш іс-шараны желтоқсан оқиғасының рухты батырларын дәріптеу мақсатында Абай атындағы ОККЖ , Жастар Орталығымен және М.Маметова атындағы №35 ЖОББМ оқушылары бірлесе отырып Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай ұйымдастырды. Сол кездегі ызғарлы желтоқсанның қасіретін сезініп, куә болған Қайрат Әшіров және Мұрат Шекербеков  қонақ болды.  Қалтарыс сәтте ерліктері ескерусіз қалып қоятын бүгінгі күннің батырлары , сол кездегі оқиғалар туралы тебірене әңгімелеп берді. Оқушылардың сауалдарына жауап беріп, естеліктерімен бөлісті. 

Өнерлі жастар  кеш қонақтарына арнап ән- күйлерін арнады. Оған қоса, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңында белсенді оқушылар марапатталды.