Саясат

Қазақ халқы Шерхан Мұртазамен қоштасып жатыр

Қоштасу рәсімі Алматы қаласында өтуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халық жазушысы, ұлт тұлғасы Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден озды. Жазушымен қоштасу рәсімі Алматы қаласының М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтіп жатыр,-деп хабарлайды Bugin.kz.

Шерхан Мұртаза – әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын аударған аудармашы. Ганс Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімалады. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.