Bugin

Аргентинада Абай атындағы көше мен Қазақстан Республикасы алаңы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аргентинаның Росарио қаласында қазақ ақыны және ойшылы Абай атындағы көше мен Қазақстан Республикасы алаңының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Қазақстанның Росариодағы Құрметті консулы Густаво Гутьерес Қазақстан халқының тұлғасы Абай Құнанбайұлына үлкен құрметпен қарайтынын атап өтті. Оның әлемдік мәдениет үшін Шекспир, Гете, Пушкин немесе Мольер сияқты құндылығы бар екенін айтты. 

- «Абай көшесінің ашылуы аргентиналықтарға қазақ халқының тарихымен және әдет-ғұрпымен танысуға қосымша мүмкіндік береді», - деді Гутьеррес.

Іс-шаралар Алматы мен Росарио қалаларының туысқандық қарым-қатынасы аясында өтті.