Bugin

Өзбекстан тұрғындарына арықтағаны үшін ақша төленеді (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ферғана облысының билігі халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды ұйғарды. Олар артық салмағы бар тұрғындарға әр түсірген келі үшін 500 мың сум (20 мың теңге) төленетінін айтты. Бұл туралы облыс әкімі Хайрулла Бозоров айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оның айтуынша, әрбір түсірілген келі үшін төлем жасалуы тиіс. Жоғалған бір келі 500 мың сум, 5 келі 2,5 миллион сум әкеледі. Салмақ жоғалту көрсеткіштерін тексеру үшін сізге жергілікті емханаларға тіркеліп, сол жерде салмақты өлшеу керек.

- «Салауатты өмір салтын ұстанбағандықтан науқастар саны артып келеді. Мысалы, қант диабетімен ауыратын 32 мың науқастың тек 2 мыңы ғана бұл ауруды тұқым қуалаушылықпен алған. Қалған 30 мыңы семіздік, дұрыс тамақтанбау, отырықшы өмір салтына байланысты ауру», - деді шенеунік болашақта бұл бағдарламаны бүкіл республикаға таратуға болатынын айтты.