Спорт

Адвокат: Роналдуға тағылған айыптың бәрі ойдан шығарылған

Роналдудың адвокаты жария түрде пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемнің үздік футболшысы, «Ювентус» клубының сұр мергені Криштиану Роналдудың адвокаты Питер С. Кристиансен ойыншының зорлық-зомбылық жасады деген ісіне байланысты жария түрде пікір білірді,- деп хабарлайды Bugin.kz

 

"Мен Криштиану Роналдудың 2009 жылы болған оқиға кезінде жасалған келісім-шарт негізінде таңдалып алындым және ойыншының талабымен келісе отырып, жариялы түрде пікір білдіремін. Қорғауымдағы азаматты дәл осы жағдайда ешқандай ақпарат беруге және үнсіз қалуына заңды түрде құқы бар.

 

Қандай жағдай болмасын, Криштиану Роналду осыдан 9 жыл бұрын орын алған оқиғаны жоққа шығарады және өзінің кінәсіз екенін алға тартады.

 

Роналдуға қатысты жарияланған құжаттар мен БАҚ беттерінде жаппай жарық көріп жатқан ақпараттардың барлығы ойдан шығарылған.

 

2015 жылы ондаған Еуропаның заңды тұлғалары (оның ішінде компаниялар да бар) хакерлердің кибершабуылына ұшырап, өте маңызды және құнды деректерін ұрлатты.

 

Хакерлер электронды пошта арқылы алған ақпараттарды  БАҚ өкілдеріне сатумен айналысқан. Оның ішінде түрлі деректер кездеседі. Соның бірі көзге шөп салу, зорлық-зомбылық секілді деректер. Ал Роналдудың 2009 жылы Лас-Вегаста болған оқиғасын келсек, екі жақты келісім болған.

 

Криштиану Роналду келісімге келгенін жоққа шығармайды, алайда бұл оны кінәлі деп тануға негіз болмайды. Осы себепті қорғауымдағы адам үнсіз қалуға және осы жаладан құтылу үшін барлық әрекеттерді жасап жатқанын атап айтқым келеді.

 

Криштиану Роналду өзіне тағылған жаланы жоққа шығару үшін АҚШ пен Еуропадан заңды тұлғалар мен адвокаттарды жалдап отыр".