Әлем

АҚШ-тың «The Detroit Cobras» музыкалық тобы альбом мұқабасы үшін Алматы қаласының елтаңбасын пайдаланған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арт-директор Артем Калюжный Facebook-те 1994 жылы құрылған Detroit Cobras тобы өзінің альбомының мұқабасы үшін Алматы қаласының елтаңбасының дизайнын пайдаланғанын, сондай-ақ ол топтың Instagram-дағы аватарын да безендіргенін жазды, деп хабарлайды bugin.kz порталы ztb_kazakhstan Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Well, well, well! 2018 жылы Детройттың аса танымал емес американдық The Detroit Cobras тобы ешқандай ерекшелігі жоқ екі әні бар What More синглын шығарды. Бірақ қызығы синглдың конверты», - деп жазды Калюжный.

Естеріңізге сала кетейік, Елтаңба - бұл Тумен қатар Алматы қаласының ресми символы.