Редактор бағаны

Жат қорлықтан өз қорлық жаман

Жетімнің басынан сипағанның жеті күнәсі жеңілдейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ халқы жетімін жылатпаған,жесірін қаңғытпаған дана халық. Жетім көрсең жебей жүр демекші,өсіп келе жатқан ұрпақтың белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастырып,тәрбиелеуде қазақ жастары біршама үлес қосуда. Алайда, үкімет қамқорлығы қайырымды болғанымен, ата-анасының аялы алақанын алмастыра алмайтынын айтудың қажеті де жоқ. 

Жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай көбейіп келе жатқан тастанды балаларынан оңай бас тартқан қатыгез жандар еш шімірікпестен ары қарай өмірлерін жалғастырып жүр.Осындай жағдайларды қарап отырып,қазақ халқының бойына сіңген мейірімділік, бауырмалдылық қасиеттері жоғалып,» «тасжүрек» халыққа айналып бара жатыр-ау деген ойдың шырмауында шырмаласың. «Бақыт деген сенің бала күндерің» деп Мұқағали атамыз жырлағандай,расында,қамсыз,мұңсыз,қызықпен өткен сол бір кездер бақытты балалық шағымыз еді ғой.Алайда тағдыр тәлкегіне ұшырап,балдай тәтті балалық шағында батпандай ауыр мұң арқалап,жанары жаутаңдаған жетімдер, сол бақытты сезініп жүргені шамалы. Жанары жасты,жүрегі жүдеу жетімдер саны бүгінгі таңда ресми деректердің айтуынша, 80 мыңның үстінде көрінеді. Ал, бейресми дереккөздердің дәлелдеуінше, бұл көрсеткіш 96 мыңның арғы жағында жатыр. Жай ғана ой таразысына салып көрейікші, сол бақандай 96 мың жетім балалар бүгінде үкімет қамқорлығында болғанымен, болашақта барар жері, басар тауын қайдан іздейді? Хош мектеп бітіріп, жоғары оқуға түскендері жатақханамен қамтамасыз етілер, бірақ ол да небәрі төрт жылға жалғаспай ма? Ал, оқуға түсе алмағандардың алдында не күтетінін елестетудің өзі қиын. «Жетім қозы – жатбауыр,жетілер де отығар» демекші, жұмыспен қамтылмаған, оқуға орналастырылмаған жетімдерді қатал өмір қайта қарсы алады. Бірі жалданып нанын тапса, енді біреулері қылмыстық әлемннің қақпасынан әрі асады. Жетім көрсең,жебей жүр деген дана халқымыздың данышпандығы қайда кеткен?