Bugin

Үшінші дозадан кейін вакцина паспорты қанша уақыт жарамды болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда вакцина паспорты ревакцинациядан кейін бір жылға жарамды болады.

Ал екпенің үшінші дозасын өзге елден алғандар арнайы анықтама әкеліп, өз емханасына тапсыруы қажет. Яғни қайта вакциналаудан өткен адамның «Ашықта» «жасыл статусы» бір жылға ұзартылады, деп хабарлайды bugin.kz порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Вакцинаны қайта алған күннен бастап, екпе төлқұжатындағы мәліметтер жаңарады. Бірақ құжат мерзімі қанша уақытқа ұзаратыны әлі белгісіз. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұған қатысты ақпарат таратпаған.

Бүгінде елімізде тұрғындарды қайта вакциналау науқаны жалғасып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары ревакциналау бойынша көш бастап тұр.

«Мысалы, ақпан айының 20-да вакцинаның екі компонентін алып, вакцинация паспортын алған болсаңыз, ақпан айының 20-дейін жасыл түс жанып тұрады. Егер осы ақпан айының 26-да барып ревакцина алған жағдайда сіздің жасыл түсіңіз келесі жылғы қаңтар айына дейін жанып тұрады. Елімізде қазір вакцина қоры толық, жеткілікті», - деді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.