Apple компаниясының соңғы бренд смартфоны - iPhone XS

Смартфонның соңғы шыққан моделі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Apple компаниясының соңғы бренд смартфоны - iPhone XS. Бүгінгі күнде бұл смартфонның соңғы шыққан моделін ұстамайтын жастар кемде-кем шығар, сірә?!

Иә, Apple компаниясы смартфонның соңғы модельін 2018 жылдың 12 қыркүйегінде көпшілікке ұсынды. Бұл Apple компаниясының соңғы бренд смартфоны. 


Смартфон XS 5,8 дюймдік Super Retina HD OLED дисплейі, сондай-ақ, жаңа Apple A12 Bionic озық процессорымен жабдықталған. Құрамында қос 12 мегапиксельді артқы камера және TrueDepth 7 мегапиксельді алдыңғы камерасы бар. Басқа смартфондарға қарағанда басты айырмашылығы - сапалы камера және батарейкасының ұзақ тәулікке қолжетімді болуы. Қазіргі таңда смартфонның бағасы 1270$ құрайды. 

«iPhone XS»  -тің сыртқы қабатына қапталған материалдардың сапасы өте жақсы. Бетіне қойылған әйнегі - берік. Атомдық деңгей технологиялардың көмегімен жасалған жаңа алтын реңк. Жиектемесі хирургиялық тот баспайтын болаттан жасалған.