Bugin

Instagram желісі неліктен істен шықты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Интернет қолданушылар Instagram жұмысындағы ақауға шағымданды, деп хабарлайды bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Downdetector сайтының мәліметінше, желі қолданушыларының көбі Instagram веб-сайтының (84%) жұмысына шағымданған. Адамдардың бір бөлігі қосымшаның (10%) жұмыс істемейтінін айтты. Бұған қоса, кейбіреулері авторизация кезінде (6%) проблемаға тап болған.

Шағым АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Ресей және Украинадан түсіп жатыр. Қазақстанда да осыған ұқсас проблема байқалды.

Қосымша жұмысына ең көп шағым 29 қаңтар 7:46-да түскен. Сағат 9:00-ге қарай Instagram қалпына келе бастады. Алайда бірқатар елде әлі де проблемалар бар.

Компания әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.