Bugin.kz

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, апатқа ұшыраған «Союз МС-10» кемесінің екінші сатысы Жезқазғаннан 30-35 шақырым жерге құлауы мүмін.

«Апатқа ұшыраған ғарыш кемесінің екінші сатысы қазіргі уақытта қай жерде құлағаны белгісіз. Елді мекендерден, жергілік атқарушы органдардан және өзге де тұлғалардан азаматтық қорғаныс органдарына ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ», - деді Владимир Беккер.

Оның мәліметінше, іздеу-құтқару тобы ғарыш кемесінің екінші сатысының құлаған жерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған ғарыш кемесіне отын ретінде керосин мен оттек пайдаланылған.

«Ғарыш кемесінің екінші сатысы шамамен Қарағанды облысының Жезқазған қаласы маңында құлауы ықтимал. Роскосмос мамандарымен сөйлескенімізде, олар зымыран бөшегі құлауы мүмкін ауданды атады.  Яғни, Жезқазған қаласынан 30-35 шақырым жерге құлауы мүмкін. Зымыран бөлшектері құлайтын траекторияда ешқандай елді мекен жоқ. Зымыранның екінші бөлшегі елді мекенге құлаған болса, онда осы уақытқа дейін ақпарат болар еді», - деді комитет төрағасы.

Бұған дейін ғарышерлердің дін-аман екендігін, қазіргі уақытта оларды іздеу-құтқару тобы Байқоңыр ғарыш айлағына апара жатқанын хабарлаған болатынбыз.  Айта кетейік, бүгін 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлаған еді.  «Союз МС-10» кемесінің бортында Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хейг бар. Сәл кейінірек апатқа ұшыраған зымыранның видеосы жарияланды.

 

0 Пікір Кіру