Bugin

Қысқы Бейжің: Саяси ойын немесе Олимпиаданың ашылуына кімдер келуден бас тартты?

Қытай бұл Олимпиадаға 4 млрд доллар жұмсаған 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ертең Қытай астанасы – Бейжің қаласында 24-ші Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтпек. Олимпиадалық жиын – спорттық сайыс екені рас, бірақ саяси ойын екенін де ұмытпауымыз керек.

Бұл халықаралық шараға келгендер бір төбе болса, байкот жариялап келуден бас тартқандар – екінші төбе.

Олимпиададағы алғашқы байкот

АҚШ Бейжіңде басталған қысқы Олимпиада ойындарына бірден байкот жариялады. Сол арқылы Қытайдағы ұйғыр, Гонконг, Тайвань тақырыбына, адам құқығының тапталу мәселесіне әлемнің назарын аудартып, дүниежүзілік қауымдастық тұрғысынан қара бет қылғысы келеді. АҚШ әкімшілігінің Олимпиада ойындарына байкот жариялауы – осымен екінші рет.

1980 жылы Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада ойындарына байкот жариялаған. Кейін бұл геосаяси құралды Кремль де қолданып, 1984 жылы өткен Лос-Анжелес Олимпиадасына байкот қойды.

Вашингтон билігі 2008 жылғы Бейжің мен 2014 жылғы Сочи Олиипиадасына да байкот жариялауға тырысқан. Яғни, сайысқа спортшыларын жібергенімен, елшілерін, мемлекеттік делегациясын жібермей қойды.

Бұл жолы да АҚШ бастаған топ Бейжіңге барудан бас тартты.

Кім келмеді?

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына әлемнің 75 елінен делегация келген. Бұл жолы 23 қана елден келіп отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар. ҚР президентің Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі барды. Шетелдің қонақтардың басты құдасы – РФ президенті Путин көрінеді.

Байкот жариялап келмеген негізінен алты мемлекет: АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Литва және Бельгия. Ал Жапония мен Германия да келген жоқ.  Бұлар ресми байкот жарияламаған, бірақ қытайдың шақыруын да қабыл алмады.

Сондай-ақ, Нидерланды мен Дания да Аспан асты еліне келуден бас тартты.

Францияның келу-келмеуі әлі белгісіз.

2008 жылғы Бейжіңге Еуропадан 27 ел келсе, биыл төртеуі ғана келмек.

Латын Америкасынан Аргентина мен Эквадор президенттері барады.

Азиядан Пәкістан, Камбоджа, Тайланд, Сингапур, Моңғолия, араб әлемінен Мысыр, Катар, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігінің елшілігі келіп жатыр.

Аз ба, қалыпты ма?

Жоғарыда айтылғандай, 2008 жылы Қытайға 75 елдің елшілігі келсе, бұл жолы 23 қана елдікі сапарлап келді. Бұл соншалық аз ба? Негізі, жоқ.

Себебі Жазғы Олимпиаданың абыройы бөлек екені белгілі. Оған дүниежүзі қатысады. Жазғы Олимпиадаға 205 ел қатысса, қысқысына – 95 ел қатысуға жолдама алған. Әсіресе, Африка құрлығы түгелге жуық келмейді. 2008 жылы 40 ел келсе, биыл 5-еуі ғана келген. Сондай-ақ Тынық мұхитында жатқан елдер де қысқы олимпиадаға қатыса алмайды.

Екіншіден, пандемияның да зияны тиді. Кейбір елдер спортшылары мен елшілігін шараға дайындап үлгермеді.

Қытайдың 100 жылдығы

Қытай бұл шараға тыңқылықты дайындалды. Өйткені қытай халқының жаңа жылы да осы айға түп түсіп отыр. Одан бөлек, Қытай Халық Республикасының құрылғанына биыл 100 жыл толып жатыр. Соның бәрін Олимпиадамен атап өтуді жоспарласа керек, шараға 4 млрд доллар қаржы жұмсаған екен.

Ал қытай бұл ізгі ниетіне қылаң түсіргендерді енді кешіре қояр ма әлде жоқ па? Сұрақ сонда.