Bugin

Танымал актер Азамат Сатыбалды басшылық қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Азамат Сатыбалды бұған дейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болды.

Танымал кино және театр актері Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы желідегі парақшасында хабарлады.

"Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Мұхамедиұлы.

Экс-министр қалың көрермен қауым Азаматты театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде танитынын атап өткен.

Азамат Сатыбалды бұған дейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болды.