Саясат

Енді балаларды балабақшаға қабылдау жүйесі жеңілдейді

Open-Almaty жүйесімен электронды мәтінді хабарлама бойынша алынған жолдама арқылы балаларды балабақшаға қабылдау жеңілдетілген жүйесі енгізілді

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы мектепке дейінгі білім беру жүйесі алдына елеулі міндеттер қойып тұр. Бұл туралы Алматыдағы №170 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Тілеулес Сабырова бөлісті.

«Елбасы өзінің биылғы Жолдауында: «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеті, жаңа дағдысысонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет», - деп атап өткен еді. Жолдау біз үшін жаңа белес және педагогтардың білім деңгейінің сапасының көтерілуі деп білемін. Құжат мектепке дейінгі білім саласының алдына елеулі міндеттер қойып отыр», - деді балабақша меңгерушісі. 

 

Тілеулес Сабырова білім қай заманда болмасын өзекті әрі қажетті факторлардың бірі болып келе жатқандығын атап айтты. 

«Қазір балаларымыздың сапалы және саналы тәрбие алу үшін, өте көп шаралар жасалып жатыр. Бұрын жалға беріліп немесе жекешелендіріліп кеткен мектепке дейін мекемелер қайтарылып, қайта білім ордасына айналуда. Солардың бірі Алматы қаласының Дорожник ықшам ауданындағы №170 балабақша. Мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс орын алу құқығы - сандық жүйемен қолға алынды. Open-Almaty жүйесімен электронды мәтінді хабарлама бойынша алынған жолдама арқылы балаларды балабақшаға қабылдау жеңілдетілген жүйесі енгізілді. Сонымен қатар балабақша.kz сайтында мекеменің ұжымдық жұмыстары көрсетіліп отырады», - деді Тілеулес Сабырова. 

Еске сала кетсек, 5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.