Спорт

UFC чемпионы қазақ кикбоксшысына алғысын білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жеңіл салмақта UFC ұйымының уақытша чемпионы ресейлік Петр Ян instagram желісінде жаттығуының суретін жариялап, Instagram парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Мақсатым барда кедергілерді байқамаймын. Кайратыч, еңбегіңе шын жүректен алғыс», - деп жазыпты Ян.

Петр әлеуметтік желіде белгілеп, алғысын білдірген Қайратыч - Қайрат Нұрмағанбетов. Ресейдің Омбы қаласында туып-өскен Қайрат кикбокстан екі дүркін әлем чемпионы. Қазіргі таңда Нұрмағанбетов Петр Янды жаттықтырып жүр.