Саясат

Дариға Назарбаева: Халық өсек оқуға құмар

"Біз көбіне жақсы жаңалық айтқымыз келеді"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дариға Назарбаева бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жаңалықтар көбейіп кеткенін атап өтті. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды. 

Сенат депутатының айтуынша, ақпарат құралдарында зорлық-зомбылық, адам өлімі сияқты жағымсыз жаңалықтың көбейіп кеткен және осындай жағымсыз жаңалықты халықтың көп оқитынын айтты. 

«Біз көбінесе жақсы жаңалықтарды айтқымыз келеді. Дегенмен тек жағымсыз жаңалықтар беретін редакцияның рейтингісі жоғары екенін байқап жүрміз. Егер басымдықты позитивті жаңалықтарға берсек, рейтингіміз құлайды", - деді Дариға Назарбаева.

Осы ретте Дариға Назарбаева журналистерге әлі де аудиториямен жұмыс істеуге кеңес берді.

"Халықтың не қалайтынын біліп, трендті өзгерту керек. Осы мақсатта үлкен жұмыстар жүргізілуі шарт", - деді ол.

Ол бүгінгі таңда тұрғындардың көбісі өсек жинап, сол өсектің айналасында сөйлескенді ұнататынын атады. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік органдар мен БАҚ бірігіп, балансты іздеуі керегін айтты.