Редактор бағаны

Хайп қайығындағы айыптылар

Айыпта, айыптама, танытар хайп қана!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өнерлі болсаң өлмейсің! Бұл сөз бүгінгі эстрада жұлдыздарының ұранына айналған сияқты.

Иə, өлмейсің, тіптен керемет көлік, тон, шуба, бөрік, ай сайынғы шет елге демалыс, керек десеңіз зəулім сарай үй.
Ақша... Атақ...
Бəрі сол жұлдыздардың жымыңымен, əнінің əуенімен,сөзінің мəнерімен үлкен еңбекті талап етеді.Бірақ кейбіреулер мұны мүлде басқаша түсінеді.
Хайп...
Хайп хайп па, айып па деген сөз тіптен бүгінгінің мақалына айналды дерсіз.
Əлі де түсінбей отырсаңыз жазайын «Хайп» сөзі ағылшынша «High Yield Investment Program» деген бірнеше сөздің қысқарған түрі, «табысты, пайдалы инвестициялық жоба» деген мағына береді. «Хайптың» тарихы ХХ ғасырда АҚШ-тан бастау алған. Американдық медиамаман Дуглас Рашкоффтың жазуынша, мұның түпкі мағынасы тері астындағы ине дегенді білдіреді. Яғни 1920 жылдары бұл сөз есірткіге тәуелділерге қатысты қолданылған. Яғни бүгінгі тілмен айтқанда тәуелділік дегенге келеді. Бұл рас. Әлемде «хайпқа» тәуелділердің саны артты. Мұның соңы арзан атаққа құмарлар «хайпты» басқаша өрбітті. Осылайша, әлемді шарлаған «хайп» біздің елде соңғы бірнеше жылдан бері ғана танымалдылық пен сұранысқа ие болды. Бүгінде «хайп» жасау заман трендіндегі сәннен қалмау ретінде қолданылып жүр. Яғни бұл сөзді көпшілік түпкі төркінінен гөрі шу шығару, таңғалдыру, алдап арбау арқылы өзіне жарнама жасау деп түсініп алған.
Бізде де, хайптың түбін түсіре шулатушылар жоқ емес. Сол баяғы Байзақова, Шырынын тағы айтады дерсіз бəлкім ішіңізден. Демеймін, демесек дүрбелең даудан құтыламыз. Айтып кеткенімдей, олардың танымал болуы ең бірінші біздің қолымызда тұрған мына бір төрт бұрышты құрылғының пернесінде екенін ұмытпайық.
Сосын біреу қыйт етсе хит ететін əдетімізді де жасыра алмаспыз.Қарап тұрсақ, қоғамда адамдар екіге бөлінген: хайп іздеушілер жəне сол хайып іздеушілердің сөзіне шүбəсіз сенушілер.
Мəселен, Баян Мақсатқызының өмірі, ішкен-жегенімен, киген киімін өз алдына қойғанда ит-мысығына дейін аңдып отыратыныңызды мойындаңызшы. Одан кейін сол бейнелі өмірден бір қателік əңгіме іздеп əлек боласыз.Аяғын сəл шалыс басса болды, міне сізге керегі үлкен даудамай, шу қыласыз. Бұл хайып іздеушілердің əрекеті болса, хайп сынаушылары ештеңені білмесе де көрмесе де, желідегі желпілге сеніп соны ары қарай шудан шуға ұластырады.
Қазір қоғамда, барлық жерде бұл мəселе айтылып келеді.Хайпшыларды ханшайымға айналдыратында бейшараға айналдыратында өзіміз.
Иə, олар айыпты.
Жалаңаштанғаны үшін, намысты таптағаны үшін, бəлкім кейбіреудің ала жібін аттағаны үшін.
Бірақ сол хайп кемесінде біз де жүзіп келеміз жəне оларды айыптаймыз деп өзімізді хайптап алып жүрмесек болғаны! Үндемеген əрқашан үйдей пəледен құтылады! Есте сақтайық!