Bugin

Президент әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент еліміздің әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында Қазақстанда әйелдерге барлық жағдай жасалғанын және қыз-келіншектердің қоғамдық-саяси өмірге де белсене атсалысып жүргенін атап өтті.

Сондай-ақ өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісіндегі әйелдердің айрықша рөліне тоқталып, асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық екенін айтты.