Bugin

Зеленский қанша тілде еркін сөйлейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей мен Украина арасындағы соғыстың жалғасып жатқанына 14 күн болды. Екі жақ үш рет келіссөз үстеліне отырғанымен, нақты ештеңе шешіле қойған жоқ. Украинадан шетел асып, отанын тастап, амалдың жоқтығынан балаларын алып кетіп жатқан аналар мен қарттардың саны да күн сайын артып келеді. Бұл тек екі елдің ғана емес, бүкіл әлем экономикасына әсер етіп, Ресей санкция жағынан рекордтық деңгейге жетті.

Өз елін тастап кетпей, халықпен бірге күресіп, әр күн сайын эфирге шығып, тұрақты сұхбат беріп, Украинадағы соғыстың жай-күйімен хабардар етіп отырған президент В. Зеленскийдің қандай кездесу немесе мәлімдеме болмасын тек өзінің ана тілінде жауап беретінін байқаймыз. Әрине, президент ретінде бұл оның басты борышының бірі. Дегенмен елі үшін күресіп, әлемнің назарына ілінген В. Зеленскийдің тағы басқа қандай тілдерде сөйлейтіні туралы ақпарат іздедік.

В. Зеленский өзінің ана тілінен бөлек орыс және ағылшын тілдерін еркін әрі жетік меңгерген. Президенттің аталған тілдерде еркін сөйлейтіні туралы баспасөз хатшысы да мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Украина президентінің жады жақсы дамыған. Бір естігенін не көргенін ұмытпайды. Тілді меңгеруді осы қасиеті әсер етсе керек.

Халықаралық деңгейдегі кез келген келіссөздерде В. Зеленский тек өзінің ана тілінде сөйлейді. Ал ағылшын тілін бейресми жағдайда немесе қажет болған сәтте ғана қолданады.